Maм 28, 2024 17:00 Asia/Almaty
  • Кішкентай ханзада Теһранда

Махан Хейдари режиссері, Елена Халили мен Эли Хейдари продюсері болған «Кішкентай ханзада» музыкалық шоуы Теһрандағы «Вахдат» залында қойылды. Бұл пьеса әйгілі француз жазушысы Антуан дю Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» повесі бойынша көптеген музыканттар мен әншілердің қатысуымен орындалады.

50 актер, әнші және жас музыканттар қатысатын «Кішкентай ханзада»  музыкалық шоуы   17 сәуірінен бастап «Вахдат» залында қойылып келеді.

Бұл шығарманың оқиғасының қысқаша мазмұнында былай делінген: Кішкентай ханзада дос табу үшін астероидты тастап, басқа планеталар мен астероидтарға барады және соңында Жер планетасына жетеді. Жерде ол қолға үйреткісі келетін түлкіні кездестіреді.

Төменде ирандық ақпарат агенттіктерінің фотографтарының Parstoday таңдаған суреттерін көре аласыздар.

Бүгінде Иранда театр өте прогрессивті
Ирандағы театр немесе драманың ұзақ тарихы бар. Ирандағы театрдың түп-төркіні көне замандардан бастау алады
19 ғасырдың ортасынан бастап Иранда батыс драмаларын шығару күш алды
Насер ад-Дин шах Еуропаға сапарынан кейін Теһранда театр құрылды
Иранның кәсіби театр қозғалысы әсіресе ел астанасы Тегеранда белсенді
Сарапшылардың пікірінше, Теһран театры өте авангард және тірі, Америкадағы театрдан әлдеқайда тірі.
Теһранның кейбір театрларында әр кеште 6 спектакль қойылып, барлық театрларды жастар толтырады.
1402 жылғы спектакльдер статистикасы республика бойынша 5421 пьеса қойылғанын көрсетеді.

 

Тегтер