Маусым 01, 2024 19:03 Asia/Almaty
  • Иран президенттік сайлауына үміткерлерді тіркеу жалғасып жатыр

Ирандағы президенттік сайлаудың 14-ші мерзіміне үміткерлерді тіркеу өткен бейсенбі таңертең елдің сайлау штабында басталды.

14-ші президенттік мерзімінен бұрын сайлауы Иран президенті Сейед Ибрахим Раиси тікұшақ апаты салдарынан шәһид болғаннан кейін маусымның 28-і жұма күні өтеді. Үміткерлердің  30 мамырдан бастап 5 күн бойы тіркелу мүмкіндігі бар.

Иранның Ішкі істер министрі Ахмад Вахидидің бұйрығымен президенттік он төртінші мерзімге сайлау науқаны басталды.

14-ші президенттік сайлауға тіркелудің бірінші күні  5 адам және екінші күні 4 адам тіркелді. Екі күнде сайлауалды штабында 9 адам ресми тіркелсе, бүгін 3 адамды қосқанда 12 адам сайлауалды штабында тіркелгенін расталды.

 

Тегтер