Жау тәуелсіз Ираннан ашулы; Әскери қолбасшылар имам Хаменеимен кездесті
(last modified Mon, 14 Apr 2025 10:23:39 GMT )
Сәу 14, 2025 16:23 Asia/Almaty
  • Жау тәуелсіз Ираннан ашулы; Әскери қолбасшылар имам Хаменеимен кездесті

ParsToday: Ислам революциясының жетекшісі: «Жаһандық бұзақылар өздері үшін ең ауыр және апатты қару түрлерімен жабдықталуын рұқсат етілген деп санайды, ал басқалар үшін қорғаныс ілгерілеуін рұқсат етілмейді деп санайды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран қарулы күштерінің бір топ қолбасшылары мен қайраткерлерімен Жаңа жылдық (хижраның 1404 ж.) кездесуінде жаһандық бұзақылардың өздеріне ең ауыр және апатты қару түрлерімен қарулануға мүмкіндік берудегі екіжүзді көзқарасының мысалына тоқталып: «Қарулы күштерде сенімділік, сенім, ерік-жігер, батылдық және Аллаға деген иман барынша болуы керек, өйткені тарих бойында мұндай қасиеттерге ие болмаған салтанатты әскерлер сәтсіздікке ұшырады»,- деп айтты.

Ол қарулы күштерді елдің қоршауы және кез келген басқыншыларға қарсы ұлттың панасы деп атады. Ол осы ұлттық жауапкершілікті орындау үшін барынша дайындық пен аппараттық-бағдарламалық сақтық шараларын үздіксіз күшейтуді баса айтып: «Иранның ілгерілеуі қара ниеттілердің ашуын келтірді»,- деді.

Аятолла Хаменеи исламдық жүйенің исламдық және тәуелсіз болуын оған қарсы дұшпандық тудыратын фактор деп атап: «Дұшпанды сезімтал ететін Ислам республикасы атауы емес, мұсылман, тәуелсіз, өзіндік ерекшелігі бар ел болу ниеті. Бұл елдің қадір-қасиеті үшін басқаларға сүйнбеуі оларды ашуландырады»,- деді. Ол зұлымдық пен олардың ақпарат құралдарының дау-дамайларының ашуының себебін Иранның өсіп келе жатқан ілгерілеуі деп атап: «Олар өз қалауларының бір бөлігі болып табылатын нәрселерді жаңалық және шындық ретінде білдіреді, сондықтан біз бұл үгіт-насихаттарға қарсы тұруымыз керек»,- деді.

Осы отырыстың басында Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери 1403 жылы Иран мен аймақтағы оқиғаларға тоқталып,  Палестина мәселесіне қатысты жаһандық ояну мен Газа мен Ливан халқының сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тарихи қарсыласуын зұлымдықпен күрестің мақтаныш шыңдары деп атап, шәһид моджахедтер мен қарсыласу қолбасшыларын еске алды.

Генерал-майор Бақери қорғаныс және тосқауылдық күштерді нығайту, алдыңғы қатарлы техника мен қару-жарақ шығару, көптеген және жоғары сапалы оқу-жаттығулар өткізу, қарулы күштер арасындағы толық үйлестіру, елдің ілгерілеуі мен құрылысына үлес қосу, өріс пен дипломатия арасындағы  үйлесімдік пен жыл ұранын жүзеге асыру үшін үкіметпен ынтымақтастықты Иран қарулы күштерінің жоспарлары мен іс-әрекеттерінің бірі деп атап: «Қарулы күштер халықтың қолдауымен толық әзірлікте және Иранның дұшпандарын зұлым мақсаттарға қол жеткізгеніне өкіндіреді»,- деді.