Қыр 11, 2024 21:51 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шиіттердің он екі пәк имамының он бірінші имамы (ғ.с.). Ол хиджра-қамари күнтізбесінің 232 жылы раби әс-сани айының 8-ші жұлдызында Мәдина қаласында дүниеге келген. 

Алты жыл имаматтан кейін имам Хасан Аскари (ғ.с.) жиырма сегіз жасында хиджраның 260 жылы рабиул-әууәл айының сегізінші күні Аббасид халифасының қолында шәһид болды.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) түрмеде отырған кезде жақтастарының біріне: 
"Аллаға ант етемін, балам келеді. Ол  зұлымдық пен зорлық-зомбылық таралған әлемді әділет пен мейірімділікке толтырады",- деген.

Тегтер