Хазірет Фатима (ғ.с.) (5) «Мобаһеле» аяты
(last modified Mon, 18 Nov 2024 15:57:22 GMT )
Қар 18, 2024 21:57 Asia/Almaty
  •  Хазірет Фатима (ғ.с.) (5) «Мобаһеле» аяты

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) қатысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынамыз.

Бүгін «Мобаһеле» деп аталған «Әл-Имран» сүресінің 61-ші аятына сүйеніп, Алла елшісінің (с.ғ.с.) әулеті мен Наджран христиандары арасындағы мобаһеле (қарғыс айту) оқиғасына тоқталамыз.

Исламның ұлық пайғамбары Наджран христандарымен бірге христандар христиан діні мен хазірет Исаның Құдай емес екені жөнінде сөйлесіп, олар дәлелдеріне қарамастан хазіреттің сөзін қабылдамаған жағдайда, Алла Тағала Пайғамбарға (сғ.с.) олармен «мобаһеле», яғни қарғыс айтуға дайындалуды бұйырды.

Ол хазірет Хусейнді (ғ.с) құшағына алып, Хасанның (ғ.с) қолынан жетектеп, хазірет Фатима (ғ.с) мен хазірет Әли (ғ.с) пайғамбардың соңынан еріп  келеді.   Пайғамбар әулет мүшелерiне: "Аллаға дұға еткен кезде сендер "әумин" деп айтыңдар",- дейдi. Менің ойымша, қарғыс айту қажет емес. Мен көріп тұрған жүздері нұрланған бес адам   дұға тілесе тау  қопарады.  Лағынет айтатын болсақ, біз құримыз, қияметке дейін жер бетінде христиандар қалмайды»,- деп жауап берді. Сөйтіп олар мобаһеледен бас тартып, өз діндерінде қалатын болды. Соңында пайғамбар олардың салық төлеулеріне келісті. Алла Тағала «Әл-Ғимран» сүресінің 61-ші аятында: «Ал Иса (ғ.с.)  жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді,  өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!  деп қарғасайық» де.

 

Ибн Аббас бұл аяттың тәпсірінде: «Пайғамбардың перзенттеріміз дегені Хасан мен Хусейн, әйелдеріміз – Фатима (ғ.с.), нәпсілеріміз Пайғамбардың өзі мен  Әли (ғ.с.) болды. Сүннит тәпсіршілердің бірі Замхшари «Мобаһеле» аятын Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің артықшылығының ең мықты дәлелі деп санайды.