Хазірет Фатима (ғ.с.) (6) «Нұр» аяты
(last modified Tue, 19 Nov 2024 15:54:28 GMT )
Қар 19, 2024 21:54 Asia/Almaty
  •  Хазірет Фатима (ғ.с.) (6) «Нұр» аяты

Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтіп жатыр. Осыған орай хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) байланысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне арналған тақырыбымызды жалғастырамыз.

Бүгін «Нұр» сүресінің қасиетті «Нұр» аятына тоқталамыз. Бұл аят хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) нұрлы болмысы мен банудың ұрпағынан тараған пәк имамдардың дұрыс жолға нұсқайтын қадір-қасиеттеріне назар аудартады.

 

Алла Тағала «Нұр» сүресінің 35-ші аятында:  «Алла Тағала – көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші»,- деді.

Тәпсіршілер «Нұр» аяты үшін «مشکات» (мешкат) сөзін көп пайдаланады. Кұран Кәрімнің тәпсіршілерінің бірі Құми: «Мешкат, яғни хазірет Фатима (ғ.с.), فِیهَا مِصْبَاحٌ ۖ الْمِصْبَاحُ - екі перзенті –  имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)»,- деп жазған болатын. Кейбір тәпсірлерде бұл рауаятқа сүйеніп, زُّجَاجَةُ – имам Әли (ғ.с.) және نُورٌ عَلَىٰ نُورٍ – бірінен соң бірі келген шиіт имамдары  деп жазылған.

Шиіттердің әйгілі ғұламаларының бірі Маджлеси де өз тәпсірінде имам Садықтан (ғ.с.)  рауаят келтіріп: «Пайғамбар әулетінде бір имамнан кейін келесі имам келеді. Олардың әрқайсы білім жолдарына жарық түсіреді»,- деді.  Иә, шынайы жарық – Құдайдың болмысы, аспан мен жердің нұры.   Хазірет Фатиманың (ғ.с.)   қасиетті болмысы 14  «мешкаттан» байқалған нұр. Хазірет Фатима (ғ.с.) – тауһид нұрының қорғаушысы, барлығы біртұтас нұр болып табылатын пәк имамдар жетекшілігінің көрінісі.

Image Caption