Хазірет Фатима (ғ.с.) (9) Екі теңіздің қосылуы туралы аят
Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима- Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтіп жатыр. Осыған орай хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) байланысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне арналған тақырыбымызды жалғастырамыз.
Бүгін «Рахман» сүресінің 19-22 аяттарының тәпсіріне сүйеніп, Исламның ұлық пайғамбары әулетінің Құран Кәрімде айтылған қадір-қасиеттерінің шексіз мұхиты жөнінде тоқталамыз.
Алла Тағала «Рахман» сүресінің 19-22 аяттарында: «Ағызған екі теңіз қосылады. Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды. Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар? Екі теңізден де інжу-маржан шығады»,- деді.
Саид бен Джубейрдің хадистерінің бірінде: «Бір-біріне қосылған тұзды және тәтті теңіз – хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима(ғ.с.). Екі теңіздің арасындағы барзақ – екі тұлғаның арасындағы таусылмас махаббат. Екі теңізден шығатын інжу-маржан – Хасан (ғ.с.) мен Хусейн (ғ.с.)»,- деп айтылды. Ибн Аббастың басқа хадисінде екі теңіздің арасындағы барзақ туралы «бұл екі тұлғаның арасында кекті алыстататын махаббат пен достық болды». Мұхит – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен жұбайы әлем мүміндерінің сардары хазірет Әлидің (ғ.с.) махаббаты мен екі теңдессіз тұлғаның қадір-қасиеті шексіз. Алла Тағала оларды берекенің, білім мен ғылымның қайнары, ахлақ, адалдық пен пәктіктің анық белгісі деп атап, перзенттерін мұхиттың тереңдігіндегі інжу-маржанға теңейді.