Иран Ислам Республикасы Вице-Президенті Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерімен кездесті
(last modified Sat, 01 Feb 2025 10:49:47 GMT )
Ақп 01, 2025 16:49 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Республикасы Вице-Президенті Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерімен кездесті

ParsToday - Иран Ислам Республикасы Вице-Президенті Мұхаммад-Реза Ареф бейсенбі күні Еуразиялық экономикалық одақ үкіметаралық кеңесінің отырысына және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Ареф бұл кездесуде екі ел арасындағы мәдени және өркениеттік ортақтықтарға тоқталып, екі елдің экономикалық және сауда ынтымақтастығы деңгейін арттыру және бірлескен комиссияларды белсенді ету қажеттігін атап өтті.

Иран Вице-Президенті Беларусь премьер-министрімен кездесуінде Иранның Беларусьпен жан-жақты қарым-қатынастардың тереңдетілуін құптайтынын айтып, екі ел арасындағы ортақ ынтымақтастық комиссиясын нығайту және белсенді ету қажеттігін қуаттады. Бұл отырыста Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Иранның Еуразиялық одаққа бақылаушы мүше болуымен құттықтап: «Иран Ислам Республикасының Еуразиялық одақта болуы осы одақтың экономикалық және саяси байлығына айтарлықтай үлес қосады»,- деді.