Иран басшыларының Каспий жағалауы елдерімен кеңесуінің маңыздылығы
ParsToday: 3-ші Каспий экономикалық форумы Каспийдегі экономикалық және сауда ынтымақтастығын арттыру бойынша шешімдерді әзірлеу және ұсыну мақсатында екі күн бойы 17-18 ақпанда Теһранда өтті.
3-ші Каспий экономикалық форумы Иранның Вице-президентінің ұйымдастыруымен Теһранда өтті және оған Ресей, Түрікменстан, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты Каспий жағалауындағы тағы төрт елдің премьер-министрлері қатысты. Форум сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, банк және кедендік ынтымақтастықты дамыту перспективалары, көлік, энергетика, техникалық және инжинирингтік қызметтер, климат мәселелері, туризм, денсаулық сақтау, ғылым және технологиялар сияқты түрлі тақырыптық панельдер түрінде өтті.
3-ші Каспий теңізі экономикалық форумы аясында Иранның Вице-президенті Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары Хаджамырат Гелдимырадовпен кездесіп, Иран Ислам Республикасының көрші елдермен қарым-қатынастарын дамытудағы маңызды басымдылығына тоқталып, былай деп айтты: «Бұл стратегияда Түркіменстанның алатын орны ерекше».

Тәжікстан Премьер-министрі Кахир Расулзадемен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Ареф екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастардың ең жақсы жағдайда екеніне тоқталып: «Біз ынтымақтастықты жан-жақты дамытуды талқылап, пікір алмастық»,-деді.

Иранның Вице-президенті Әзірбайжан Премьер-министрі Али Асадовпен кездесуінде екі ел арасындағы достық пен бауырластықтың тарихи деректеріне тоқталып: «Иран үкіметінің стратегиясы көрші елдермен әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарды кеңейту болып табылады»,-деп айтты.

Форумның бірінші күні министрлер, министрлер орынбасарлары, жеке сектор өкілдері және экономикалық белсенділердің қатысуымен 7 тақырып бойынша ірі іскерлік кездесу өтті, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы сауда-өнеркәсіптік кооперацияның даму перспективалары, экологиялық ынтымақтастықтың келешегі, денсаулық сақтау және транзиттік-техникалық қызмет көрсету, денсаулық сақтау және транзит саласындағы техникалық ынтымақтастық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және жеке сектор түріндегі сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық және оның нәтижелері Каспий экономикалық конференциясының екінші күнінде премьер-министрлердің кездесуіне ұсынылды.
Осы ірі өңірлік конференцияның екінші күнінде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің жоғары лауазымды басшылары Каспий теңізіндегі экономикалық және сауда ынтымақтастығын арттыру стратегияларын талқылап, пікір алмасты. Каспий маңы елдері арасындағы алғашқы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге 2018 жылы Қазақстанда Каспий маңы елдерінің ресми өкілдері қол қойған болатын.
Каспий маңы елдерінің әрқайсысының экономикалық және коммерциялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын ескере отырып, бұл аймақтың қалыптасуы оған мүше елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың арасындағы сауда-саттықтың көлемін айтарлықтай арттыруға үлкен септігін тигізуі мүмкін.
Каспий маңы елдерінің әлеуетін пайдаланудың тиісті тетігін құру осы аймақтың экономикалық дамуы мен егемендігі жолындағы үлкен қадам болып табылады. Бұл елдердің әлеуеті, егер жақындасу мен пікір бірлігін ескере отырып жасалған болса, халықаралық экономикада қауіпсіз және тиімді аймақ құруға айтарлықтай үлес қоса алады.
3-ші Каспий экономикалық конференциясының Теһранда өтуі Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастық пен жақындасудың маңыздылығына қызығушылық пен табандылықты көрсетеді. Иран Ислам Республикасы, әсіресе, соңғы жылдары Каспий жағалауы елдерінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастықтарын арттыруда тиімді рөл атқарды. Каспий маңы елдерінің ынтымақтастығын кеңейтудегі іргелі мәселелердің бірі экономикалық дәліздерге көңіл бөлу болып табылады.
Жағалаудағы елдердің географиялық орналасуын ескере отырып, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі сияқты көлік дәліздерін дамыту сауда мен жүк транзитін жеңілдетуге көмектеседі. Түрлі көлік инфрақұрылымы мен әртүрлі экономикалық мүмкіндіктері бар Иран бұл салада маңызды рөл атқара алады.