Тіл және өнер; Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық жолындағы байланыс көпірлері
(last modified Sat, 24 May 2025 14:11:19 GMT )
Maм 24, 2025 20:11 Asia/Almaty
  • Тіл және өнер; Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық жолындағы байланыс көпірлері

ParsToday - Теһранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Қазақстанның Теһрандағы елшісімен кездесуінде: «Иран мен Қазақстанның екі елінің мәдени және тарихи ұқсастықтары көп» деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Аббас Салехи екі елде Иран мен Қазақстанның мәдени апталықтарының өткізілуін құптап: «Иранда жыл сайын 80-ден 100-ге дейін көркем фильм шығарылады, кино саласында өзара түсіністік меморандумының жасалуы Қазақстанмен ынтымақтастықтағы мақсаттарымызға жетуімізге көмектеседі» деп айтты.

Салехи Фарабиді философия әлеміндегі Иран мен Қазақстан деген екі халықты байланыстыруда тиімді болатын байланыстырушы нүкте ретінде атады. Ол: «Біздің Ирандағы фарабитану бойынша мүмкіндігіміз зор, өйткені еліміздегі философиялық ағым үзіліссіз жалғасты, сондықтан Ирандағы фарабитану саласында жақсы жұмыс істеуге болады»,- деді.

Салехи тілдің екі ел арасында көпір бола алатынына және тіл білімінің маңызды сала болатынына назар аударып: «Өнерді де осы бағытта қарастыруға болады. Мысалы, классикалық, заманауи және аймақтық музыка салаларында ортақ қарым-қатынас жасау үшін маңызды салалар бар» деп қосты.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі бірлескен фильм түсіру ортақ байланыс тудыратындықтан, екі елдің бірлескен өнер туындылары шығарылатынына сенім білдірді.

Қазақстанның Теһрандағы елшісі Оңалбаев Иранның кейбір кинематографиялық туындыларына сілтеме жасап: «Иран мен Қазақстанның бір-бірімен жақсы саяси қарым-қатынасы бар, сонымен қатар, біз аймақтық ұйымдардағы жақсы ынтымақтастықтан да пайда көреміз»,-деді.