Иранның солтүстік-батысында қарулы қақтығыс орын алды
Иранның солтүстік-батысында революцияға қарсы топтарға қарасты қарулы қылмыскерлер мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы күштері арасында болған қақтығыста бес қылмыскер мен олардың екі басшысы өлді.
Сақшылар корпусының құрлық күштері кеше жасаған мәлімдемесінде өздерінің жұма күні Иранның солтүстік-батысында революцияға қарсы қылмыскерлерге қарсы жүзеге асырған әрекеттерінің егжей-тегжейіне тоқталды: «Шәһидтер қолбасшысы хазірет Хамзе атындағы база күштерінің жұма күні түнде Сарвабад пен Махабад аймақтарындағы революцияға қарсы топтарға қарасты қарулы қылмыскерлермен қақтығысында үстемшілердің жалдамалыларының бесеуі, соның ішінде қолбасшылары Араш Менбари мен Шуреш Менбари өлді. Қақтығыста қарулы қылмыскерлердің өлуімен бірге олардың қару-жарақтары мен біраз мөлшердегі оқ-дәрілері және басқа да мүмкіндіктері қолға түсті».
Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қоғамдық бөлімі бұл әрекеттен кейін Сақшылар корпусы күштерінің аман-есен базаларына оралғанын қуаттады.