Ислам революциясының жетекшісі шәһидтердің жанұяларымен кездесті
Иран Ислам революциясының жетекшісі 7-ші тир және қасиетті кесенелерді қорғаушы шәһидтердің жанұяларымен кездесуінде шәһидтердің иманы, ерлігі, күресі мен жоғары мағрифаттары мен шәһидтердің жанұяларының сабырлығы мен табандылығын мадақтап, оларды жүйенің күш-қуатының негізі деп атап: «Исламдық Иранды алға ілгерілететін жалғыз жол революцияшыл және күрескер рухты жандандыру жолы саналады»,- деп қуаттады
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан 35 жыл бұрын хиджри шамси күнтізбесінің 1360-шы жылының 7-ші тирінде, сәйкесінше 1981-ші жылдың 27-ші маусымында Ислам республикасы партиясының кеңсесінде орын алған жарылысты еске алып: «Бұл қылмысты іске асырғандардың Ираннан қашып, лаңкестікке қарсы және адам құқығын қолдау туралы уәж айтатын Батыс мемлекеттерін паналап жүргендеріне көп жыл болды»,- деді.
Расында қазір лаңкестік құбылысы кеңейіп, Азияның батысынан Еуропа мен АҚШ-қа дейін таралды. Батыс басында ұйымдастырылған лаңкестікті өзінің саяси мақсаттарына жететін құрал ретінде пайдаланса, енді өздері экстремизмнің торына түсіп отыр.
Бірақ ИИР өзінің адами және ислами міндеттері бойынша аймақ пен ислам әлеміне танылған бүліктер мен зұлымдықтарды залалсыздандыру үшін бар күшін аямады. Иранның іс-әрекеттері қолдан жасалған лаңкестік ағымдардың болмысын әшкерелеуге көмектесті. Шын мәнінде АҚШ-тың лаңкестікті қолдауы Вашингтонның аймаққа араласу стратегиясының бір бөлімі болды. Бұл үдеріс осы кезде ДАИШ-ты қолдаумен жалғауда. Лаңкестік Батыстың екіжүзді саясаттарының қолдауымен астында кеңейді.
Ислам революциясының жетекшісі ДАИШ сынды тәкфірлік лаңкестік топтардың жобаларын исламдық жүйеге қарсылық білдіруге қолданылатын қатыгез тәсілдердің бірі деп атады.
Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мен қасиетті кесенелерді қорғаушы шәһидтерді қорғау мәселесіне тоқталып: «Иран мен басқа елдердің иманды жастарының әйелдері мен кішкентай балаларын қалдырып, тыныш өмірден қол үзіп, бөтен бір елде Алланың жолында күресіп, сол жолда шәһид болуы тарихтың таңғалдырарлық оқиғаларының бірі. Ислам революциясының жетекшісі ДАИШ сынды тәкфірлік лаңкестік топтардың жобаларын исламдық жүйеге қарсылық білдіруге қолданылатын қатыгез тәсілдердің бірі деп атап: «Такфірлік лаңкестік топтардың құрылуының және олардың Ирак пен Сириядағы әрекеттерінің негізгі мақсаты Иранға қарсы шабуыл жасау болды. Бірақ Ислам республикасы жүйесінің күші олардың Ирак пен Сириядан шыға алмауына себеп болды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісінің сөзінің маңызды тұсы исламдық жүйенің дұшпандары еш уақытта түсінбеген революцияшыл және күрескерлік рухты жандандыруды қуаттауы болды.
Ислам революциясының жетекшісі: «Мүміндер мен күрескерлер және шәһидтердің иманы мен жігеріне сүйену ИИР-ның күш-қуаты болып табылады. Ислам дұшпандарының шындықты сараптауға шамалары жетпейді»,- деді.