Имам Хаменеи: Нетаньяхуды қамауға алу ордері жеткіліксіз, өлім үкімі шығарылуы керек
(last modified Mon, 25 Nov 2024 15:56:47 GMT )
Қар 25, 2024 21:56 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Нетаньяхуды қамауға алу ордері жеткіліксіз, өлім үкімі шығарылуы керек

ParsToday - Аятолла Хаменеи басидждермен кездесуінде былай деді: «Американың аймақтағы мүдделерін қамтамасыз етудің қолайлы жолы – елдерде тирания мен диктатура немесе хаос пен анархия орнату».

Ислам революциясының жетекшісі Иранның басидждерінің әртүрлі топтарынан келген мыңдаған адаммен кездесуінде Басидждің мектебі мен ойлауының «Аллаға сену» және «өзіне сену» деген екі негізге негізделгенін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи басиджді жаратылысынан мәдени, әлеуметтік және әскери желі деп санап, оның шынайылығы мен тарихи және ирандық болмыстағы тамырына байланысты беріктігіне сілтеме жасап: «Американың тыңшылық ордасын басып алып, АҚШ күш көрсеткеннен кейін шамамен 3 апта өткен соң Имам 1358 жылы 5 желтоқсанда басиджер ұйымын құру арқылы сол үлкен қауіпті үлкен мүмкіндікке айналдырып, елдің әлеуметтік, мәдени және әскери топырағына осы жақсылық ағашын отырғызды».

ParsТoday хабарлауынша, революция жетекшісі халықтардың мүмкіндіктерін жоққа шығару мен оларды қорлауды билеушілердің үйреншікті саясаты қатарына жатқызып, былай деп қосты: «Құран аяттарында айтылғандай, Перғауын өз халқын бағындыру үшін, қорлады.  Қазіргі Америка мен Еуропаның сұлтандары басқа ұлттарды бағындыру үшін олардың өздерінің мүдделері мен ресурстарын талан-таражға салады».

Имам Хаменеи Басиджді бұл ұлттық қорлыққа қарама-қайшы деп атап, Иранның, әсіресе Қаджар мен Пехлеви дәуіріндегі қорлығына тоқталып, былай деді:

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Иран делегациясы тіпті Париж конференциясына да жіберілмеді. Әрине, Ислам революциясы парағын аударып, ұлттық мақтаныш сезімін қалпына келтірді.

 

Революция жетекшісі 80-ші жылдардың аяғында уранды 20 пайзға байыту жағдайындағы Американың арам пиғылын бейтараптандырудағв Басиджидің рөліне тоқталып: «Иранның дәрі-дәрмек өндіру үшін 20% уранға аса мұқтаж болған жағдайда, сол кездегі екі атақты президенттің арашалауымен оны сату туралы келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан, американдықтар келіссөздердің ортасында қулық-сұмдық ойластырды. Бірақ Иранның басидж ғалымдары, соның ішінде шәһид Шахриари американдықтардың мүлде сенімсіздігімен 20% уран өндіріп, Иранды бағындыру үшін жоспарланған қастандықты залалсыздандырды»,- деді.

Ол Американың аймақ елдеріне қатысты жоспарынан хабардар болуын және оған қарсы тұруды Басижді саяси салада күшейтудің тағы бір факторы деп атады және былай деді:

"Американың аймақтағы мүдделерін қамтамасыз етудің қолайлы жолы – елдерде «тирания мен диктатура» немесе «хаос пен анархия орнату".

 

Аятолла Хаменеи Палестина мен Ливанның өзекті мәселелеріне тоқталып: «Ақымақтар үйлерді, ауруханаларды, халық жиналатын жерді бомбалау жеңістің белгісі деп ойламауы керек. Мұны әлемде ешкім жеңіс деп санамайды»,- деп баса айтты.

Жаудың Газа мен Ливанда барлық әскери қылмыстарына қарамастан жеңіске жетпегенін атап көрсеткен революция жетекшісі:

"Олардың Нетаньяху үшін берген тұтқындау ордері жеткіліксіз және оған және осы басқа қылмыскер жетекшілерге өлім үкімі шығарылуы керек",- деді.

 

Ол сионистік режимнің Газа мен Ливандағы қылмыстарын қылмыскерлердің тілегіне қайшы, қарсыласуды күшейту және нығайту мақсатында қарастырып, былай деп қосты: «Кез келген палестиналық және ливандық жастардың майдан даласында жүрсе де, жүрмесе де бомбалау мен өлім қаупіне ұшырағанын көргенде, күресуден және қарсы тұрудан басқа амалы қалмайды. Демек, қылмыскер ақымақтар қарсылық майданын өз қолдарымен дамытып жатыр».

Аятолла Хаменеи қарсыласу майданының дамуын нақты әрі қол сұғылмайтын талап деп атап: «Қарсыласу майданы бүгін қаншалықты кеңейсе, ертең ол бірнеше есе кеңейеді».