Рухани: Көрнекті тұлғалардың Иранға оралу қозғалысы басталды
Иран президенті оқыған жас ұрпақты елдің ең үлкен байлығы, мемлекет пен жүйенің, Иран халқының бүгіні мен ертеңінің үміті деп атады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Теһранда жастар мен студенттерге ауызашар беру рәсімінде: «Үміттің күшеюі және Иран қоғамында қалыптасқан сергектікпен көрнекті тұлғалардың Иранға оралу қозғалысы басталды. Жақын болашақта осы үдеріс көбірек қарқынға ие болады» деді.
Иран президенті жас, білімді күштердің болуын мемлекет үшін үлкен байлық пен басымдылық деп бағалап: «Түрлі салаларда білім алып жатқан 4 млн 800 мың студент Иран үшін үлкен байлық болып табылады. Иран техникалық және инженерлік салада білім алған түлектер тұрғысынан әлемде бесінші орынға, жалпы түлектер арасындағы техникалық және инженерлік іргелі ғылымдар саласының түлектері тұрғысынан әлемде бірінші орынға ие» деді.