Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 02 Jul 2016 09:02:19 GMT )
Шіл 02, 2016 15:02 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері мұсылмандардың, әсіресе Палестина халқының қырағылығының арқасында ислам жауларының Палестина мен Құдс шәріп мәселесін шетке ығыстыру жолындағы талпыныстарының ешқашан жүзеге аспайтынын қуаттады.

Аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Иран халқының әлемдік Құдс күнінің шерулеріне ерлікпен салтанатты түрде қатысуына алғыс айтып: «Әлемдік Құдс күні үстемшілдік пен сионистік жаудың исламмен жауласуына қарсы үлкен қадам болып табылады» деді.

Теһран жұма намазының уақытша имамы Палестина халқының шамамен 70 жылдан бері сионистік режимнің түрмесінде жатқанын айтып: «Батыстықтар, әсіресе Америка қоғамдық пікірді Палестина мәселесінен ауытқыту үшін ДАИШ тобын құрды. Алайда ислам үмбеті ешқашан Палестина мәселесінің ұмытылуына жол бермейді. Америка лаңкестіктің негізгі демеушілерінің алғы шебінде бола тұра және Израильдің Палестина жеріндегі қылмыстарына қатысты еш реакция көрсетпей отырған жағдайда адам құқығы туралы уәж айтып, лаңкестікпен күресу қажеттігі туралы ұрандап отыр» деді.

Аятолла Хатами Түркияның Ыстамбұл қаласындағы лаңкестік әрекеттерге өкініш білдіріп, оның тамырын осы ел үкіметінің ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсетуінде деп біліп: «Иран Ислам Республикасы ДАИШ тобын қолдаушы елдерге ДАИШ-тың қылмыстары олардың өздерінің алқымынан алады деп талай рет ескерткен болатын» деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясының ирандық қажылардың биылғы қажылық рәсіміне қатысуына кедергі келтірген әрекеттері туралы: «Бұл ел қасиетті кесенелерді басқаруға лайық емес. Қажылық рәсімі Сауд әулетінің үстемдігінен азат етілуі керек» деп баса айтты.