Ислам революциясы жетекшісінің студенттермен кездесуіндегі сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні студенттер және студенттік ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде студенттердің мәселелері және осы күнгі экономикалық, саяси және басқа проблемалар сөз сөйледі.
Ислам революциясының жетекшісі бұл кездесуде әртүрлі мәселелерге тоқталып, әсіресе иман мен Құранға сүйспеншілік білдіру сынды екі маңызды мәселені қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының үстем жүйеге қарсы күресіне тоқталып: «Бұл күрес Иран халқы тәуелсіз болып, өз еркімен алға даму туралы шешім қабылдаған кезден басталды. Бұл тақырып әлемдік билікқұмар үкіметтердің мүдделеріне сай келмеді»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің сөзінің бұл бөлімінде Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері Иран халқының дұшпанның қысымдары мен қастықтарына қарсы табандылық көрсетуіне тоқталып, бүгін дұшпанның қастықтарының бұрынғыға қарағанда шиелінісе түсіп, «жұмсақ соғыс» саласына кіргенін ескертті. Иран халқы дұшпанның артық талап етуі мен билеп-төстеушілігіне қарсы табандылығын тоқтатпағанша бұл күрестің жалғасатыны анық. Бұл күрес аяқталу үшін Ислам революциясының жетекшісінің айтуы бойынша екі ғана жол бар: яғни Ислам республикасы екінші жақ шабуыл жасауға батылы бармайтындай күш-құдыретке ие болады немесе Ислам республикасы өзінің негізгі болмысынан айырылып, оның тек жаны жоқ көрінісі ғана қалады.
«Ол күресті аяқтау үшін Иран халқы бірінші жолды, яғни кемел күш-қуатқа ие болуды таңдайды. Осы кезде АҚШ исламдық жүйенің қайраткерлерінің арасына жік салып, оларды «жақсы» немесе «жаман» деп бөлгілері келетін болар. Бірақ, егер америкалықтар олай жасаса, олардың ойларындағы «жақсылардың» өздері олар үшін жаман болады. Бұл саладағы күресті жалғастыру үшін күш-қуат пен мықты иман қажет. Бұл салада көптеген қиындықтар бар. Олар экономикалық мәселелерден бастап, әскери қоқан-лоққылармен кезігуде. Сондықтан экономикалық негіздер мен қорғаныс мүмкіндіктерін күшейту қажет. Бұл салаларда студенттер Ислам республикасы жүйесінің үлкен қоры, табандылығының тірегі және күш-қуаты болып саналады. Егер хабардар әрі қырағы болмаса, студент дос пен дұшпанын ажырата алмауы немесе аймақ пен әлем мәселелерін қате сараптауы мүмкін»,- деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи студенттердің назарын дұшпанның ақпараттық үгіт-насихаттарға аударып: «Дұшпандар көп қаржы бөліп, исламдық жүйеге қарсы кең ауқымды ақпарат соғысын жүргізуде. Олардың негізгі мақсаты халықтың, әсіресе жастардың арасында үмітсіздік тудыру үшін Ислам республикасы жүйесінің күшті тұстарын жасырып, кейбір теріс мәселелерін үлкейтіп көрсету»,- деп түсіндірді.
Ислам революциясы жетекшісінің бұл саладағы сөзі Иран халқының Батыстан алған ащы сабақтарына қатысты болып, ол Пехлеви режимінің диктатурасы, 28-ші мурдад төңкерісіндегі ұлттық үкіметтің құлатылуы, санкциялар, революцияға қарсы топтарды қолдау, таңылған соғыс пен Саддам режимін қолдауы, жолаушы тасымалдайтын ұшақты құлату мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындамауы сынды әрекеттерінің батыстықтардың, әсіресе АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының белгісі деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі осы шындықтарға назар аудартып: «Исламдық жүйенің негізі мен болмысы дұшпандардың Иран халқына қарсылық білдіруінің негізгі себебі. Сондықтан мұндай дұшпанмен ақыл мен сабыр арқылы күресу керек»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының бұл кездесудегі ақыл-кеңестері мен көзқарастары шын мәнінде дұшпандардың Иран халқына қарсы қастықтарын ескерту және дұшпанның «жұмсақ соғысына» қырағылық білдіруді қуаттау болып табылады.