Иранның әскери кеңесшілері шекаралардың арғы жағында құзырға ие
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күшінің қолбасшысы Иран кеңесшілерінің лаңкестерге тосқауыл қою мақсатындағы шекарадан тыс қызметінің лаңкестер мен олардың демеушілері үшін алаңды тарылтып отырғанын айтты.
Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастар бөлімінің мәлімдеуінше, ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы сардар Мұхаммад Пакпур бейсенбі күні Теһранда Дамасктегі қасиетті мекен шәһидтерін еске алу рәсімінде Сақшылар корпусы күштерінің кеңесші ретінде Сирия мен Иракта болуына және сириялық, ирактық күштерге тәкфирлік-сәлафиттік лаңкестерге тосқауыл қою үшін көмектесуіне тоқталып: «Иран кеңесшілерінің құзыры дұшпандарды өз мақсаттарына қол жеткізуден үміттерін үзіп отыр» деді.
Сардар Пакпур қоқан-лоққылар мен Иранның шекаралық аймақтарының қауіпсіздік жағдайын баяндап: «Ислам республикасының шекараларында толық қауіпсіздік орнатылған. Дұшпан Иран шекараларынан басып өте алмайды» деді.