Мұхаммад Бақер Зұлқадр Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды 
https://itolqyn.com/news/iran-i83350-Мұхаммад_Бақер_Зұлқадр_Иран_Жоғары_ұлттық_қауіпсіздік_кеңесінің_хатшысы_болды
ParsToday- Мұхаммад Бақер Зұлқадр Ислам революциясының жетекшісінің пікірі мен келісімімен және президенттің жарлығымен Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
(last modified 2026-03-24T16:30:49+00:00 )
Нау 24, 2026 20:33 Asia/Almaty
  • Мұхаммад Бақер Зұлқадр Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды 

ParsToday- Мұхаммад Бақер Зұлқадр Ислам революциясының жетекшісінің пікірі мен келісімімен және президенттің жарлығымен Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.

ParsToday хабарына сәйкес, ИИР Президенті кеңсесінің байланыс және ақпарат орынбасары Сейед Мәһди Табатабаи сейсенбі күні X желісіндегі өз аккаунтында: «Мұхаммад Бақер Зұлқадр Ислам революциясының жетекшісінің пікірі мен келісімімен және президенттің жарлығымен Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды», – деп жазды.

Бұған дейін ИИР Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани болған, ол «Рамазан соғысы» кезінде шәһид болды.

Зұлқадр 1333 жылы (1954) Фарс облысы Фоса ауданында туған, Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрылғаннан бастап осы мекемеге мүше болған.

Ол Тегеран университетінің экономика факультетінен бакалавр дәрежесін алған, Тегеран университетінің басқару факультетінде мемлекеттік басқару бойынша магистр дәрежесін аяқтаған және Ұлттық қорғаныс жоғары университеті стратегиялық басқару докторантурасын бітірген.