Генерал-полковник Резаи Америкаға: Парсы шығанағында батып кетесіңдер
ParsToday- «Қасиетті қорғаныс» 8 жылдық соғыс кезіңдегі Сақшылар корпусының қолбасшысы соғыстың америкалық-сионистік жаудан шығындарды толық қайтарғанша жалғасатынын баса айтты.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі генерал-полковник Мохсен Резаи Трамптың Иранның электр инфрақұрылымын нысанаға алу туралы қоқан-лоққысын еске алып, АҚШ президентіне: «Оған айтатыным: егер соққы берсең, «көзге көз» емес, «көзге бас» болады және Парсы шығанағында батып кетесіңдер», – деп ескерту жасады.
Ол барлық шығындарды алуға, барлық экономикалық санкцияларды жоюға, АҚШ-тың Иран мәселелеріне араласпауына халықаралық құқықтық кепілдік алуға дейін соғыстың жалғасатынын баса айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Америка мен Израиль арасында жақын арада ауқымды қайшылық туындайтынына тоқталып: «Нетаньяху Трампты өзіне қарай тартады және осы соғыстың басынан екеуінің әскери жоспарлары әртүрлі болды», – деді.
Генерал-полковник Резаидың айтуынша, Америка шектеулі соғысты көздеді, бірақ Нетаньяхудың ойы жүзеге асырылды және ұзақ жалғасатын соғыс басталды, әйтпесе Трамп соғыстың 12-күні атысты тоқтатуы керек еді.
Ол былай деп қосты: «Трамптың үкіметінде Иранға кезең-кезеңмен соққы беріп, соғысты алға жылжыту керек деп сенді. Бірақ Нетаньяху толық ауқымды соғысқа сенді».
Генерал-полковник Резаидың сөзіне сүйенсек, Рамазан соғысы шын мәнінде 12 күндік «Қасиетті қорғаныс» екінші кезеңі болды және халықаралық сионизм Трамп барда Иранға қарсы көп кезеңді әскери соғысқа бару керек деп сенді.