Тахтраванчи: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы - көпжақтылықтың біржақтылықты жеңуі
Иран СІМ- нің Еуропа мен Америка ісі бойынша орынбасары «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын көпжақтылықтың біржақтылықты жеңуі деп бағалады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран СІМ- нің Еуропа мен Америка ісі бойынша орынбасары Маджид Тахтраванчи бейсенбі күні Парижде БҰҰ- ның (UNESCO) Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының штаб-пәтерінде өткен «Дипломатияның оралуы» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы көпжақтылықтың бір жақтылықты жеңуі болып табылады және халықаралық саладағы «ұтыс-ұтыс» ұстанымының тиімділігін көрсетеді. Күш көрсету мен санкция салу сәтсіздікке ұшыраған саясат болып табылады. Бұлар халықаралық қиыншылықтарды шешуге көмектеспейді. Мұндай әдістердің дәурені аяқталған» деді.
Маджид Тахтраванчи Иранға үрке қарау жобасына сілтеме жасап: «Ядролық келіссөздерден бұрын және соның барысында бұл жобаны кейбір елдер жалғастырды, тіпті «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін де кейбіреулер миллиондаған доллар жұмсап, Иранға үрке қарау жобасын өрістетуге талпыныс жасады, бірақ табысқа жетпеді, өйткені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ол жобаны тоқтатты» деді.