Шетелдік БАҚ Иран халқының 22 Бахман шеруіндегі құлшынысты қатысуын көрсетеді
https://itolqyn.com/news/world-i82772-Шетелдік_БАҚ_Иран_халқының_22_Бахман_шеруіндегі_құлшынысты_қатысуын_көрсетеді
ParsToday - Шетелдік БАҚ Иран Ислам революциясының жеңісінің мерейтойына арналған шерудегі Иран халқының құлшынысты және жаппай қатысуын тікелей эфирде көрсетті.
(last modified 2026-02-12T12:06:59+00:00 )
Ақп 12, 2026 17:13 Asia/Almaty
  • Шетелдік БАҚ Иран халқының 22 Бахман шеруіндегі құлшынысты қатысуын көрсетеді

ParsToday - Шетелдік БАҚ Иран Ислам революциясының жеңісінің мерейтойына арналған шерудегі Иран халқының құлшынысты және жаппай қатысуын тікелей эфирде көрсетті.

11 ақпан, сәрсенбі күні таңертең Иран астанасы Тегеранда, басқа қалалар мен ауылдарда және Иран облыстарының әртүрлі аймақтарында миллиондаған адам Иран Ислам революциясының жеңісінің 47 жылдығын атап өту үшін көшелерге шықты. Биылғы 11 ақпандағы рәсім кезінде Иран бойынша 1400-ден астам жерде шерулер өтті, ал ресми статистикаға сәйкес, іс-шараларды шамамен 7200 отандық және 200-ге жуық шетелдік журналист хабарлады.

Тегеранда және әртүрлі облыстарда Иранның жаппай шерулері басталған кезде, шетелдік БАҚ бұл керемет көріністі тікелей эфирде жариялады.

Рейтер агенттігі Иран халқының шеруінің алғашқы минуттарынан бастап Иранның осы ұлттық бірлігін тікелей эфирде жариялады.

Катардың Al Jazeera арнасы да Ислам революциясының жеңісінің мерейтойына арналған Иран халқының шеруін тікелей эфирде жариялады.

РИА Новости Иран халқының шеруінің суреттерін жариялауымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкианның сөзінің осы бөлігін жариялады. РИА Новостидің хабарлауынша, Пезешкиан Ислам революциясының жеңісінің мерейтойына арналған салтанатта: «Біз ядролық қару шығаруды көздемейміз және кез келген сынаққа дайынбыз. Иран шектен шығулар мен әділетсіздіктерге қарамастан шегінбейді», - деді.

Пәкістанның Geonews арнасы көшедегі адамдардың суреттерін жариялап, Иран халқы Ислам революциясының жеңісінің 47 жылдығын көшеге шығып тойлап жатқанын хабарлады.

Ливанның Әл-Минар арнасы Ислам революциясының жеңісінің мерейтойындағы салтанатты шеру басталғанына сілтеме жасай отырып: «Бұл шеру әртүрлі қалаларда өтті»,- деп жариялады.

Ливандық Al-Mayadeen арнасы Иран халқының керемет шеруін тікелей эфирде көрсетіп, Ислам революциясының 47 жылдығында Иран халқы елдің әртүрлі ауылдары мен қалаларында салтанатты шеру бастағанын хабарлады.

Палестиналық Al-Quds арнасы Ислам революциясының жеңісінің мерейтойында Иранның баллистикалық зымырандары көрсетілгенін суреттерді жариялау арқылы хабарлады.

Ливандық «Әл-Ахед» арнасы Иран халқының әртүрлі қалаларда, ауылдарда және аймақтарда өткен үлкен шеруінің суреттерін жариялап, Иранның әртүрлі қалаларында Ислам революциясының жеңісінің мерейтойын атап өтуге арналған шерулер өтіп жатқанын хабарлады.

Ирактың «Әл-Ахед» арнасы 22-ші Бахман шеруін тікелей эфирде көрсетіп,  Ислам революциясының жеңісінің 47 жылдығына орай Азади алаңында көптеген зымырандар көрсетілгенін  хабарлады. БАҚ сонымен қатар Азади алаңы кеңістігіндегі десантшыларды көрсетті.

Йеменнің «Әл-Масира» телеарнасы былай деп хабарлады: «Бүгін таңертең Иранның көртеген қаларарында Ислам революциясының жеңісінің мерейтойын атап өту үшін салтанатты шеру басталды. Көшелер мен орталық алаңдардағы көпшілік халықты жұмылдыруды көрсетті, бұл халықтың күшті қатысуын және осы маңызды оқиғаға саяси және БАҚ арасындағы шиеленістің күшею кезеңіне дайын екенін көрсетеді. Шеруге қатысушылар Иран тулары мен революциялық көсемнің суреттерін желбіретіп, тәуелсіздікке деген адалдықтарын растайтын және шетелдік қысымды қабылдамайтын ұрандар айтты.

«Әл-Масира» хабарлауынша, Иран халқы 47 жылдық мерейтойлық шеруіне бір ауыздан қатысып, Ислам революциясының қағидаттарына деген адалдығын тағы да растады. Иран Тегеранның Азади алаңында «Фатех 110», «Хадж Қасым» және «Фатах» зымырандарын көрсетті. 12 күндік соғыс кезінде атып түсірілген израильдік дрондардың қалдықтары да көрсетілді.