Революцияның мәртебелі жетекшісінің басшылар және халықтың түрлі таптары өкілдерін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 07 Jul 2016 09:18:29 GMT )
Шіл 07, 2016 15:18 Asia/Almaty

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аймақ пен ислам әлеміндегі соғыс, бейберекеттік және лаңкестіктің негізгі себебін үстемшіл алпауыттар мен оның басында тұрған Америка деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні басшылар және халықтың түрлі таптары өкілдерін қабылдауында ислам әлемінің қазіргі жағдайы, қырғын, бейберекеттік және қанқұйлы жарылыстарға сілтеме жасап: «Маңызды мәселелердің бірі ислам үмбетінің бүгінгі қиыншылықтарының жағымсыз сұм бастауы мен лаңкестікті таратушы жасырын қолдарды тану болып табылады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи барлық елдер мен алпауыт елдердің сырт көзге лаңкестіктен безгенін жариялап, лаңкестікпен күрес жөнінде жалған коалиция құруына сілтеме жасап: «Алпауыт елдердің сырт көзгі уәждеріне қайшы олар іс жүзінде лаңкестікті қолдап, таратып отыр» деді.

Ол АҚШ елшісінің Сирия оқиғаларының алғашқы күні наразылардың ортасында болуына және осы елдегі саяси кикілжіңді азаматтық соғысқа айналдыру үшін алғышарт әзірлеуіне сілтеме жасап: «Саяси кикілжіңді мұсылмандардың бір-бірін өлтіруге айналдырып, содан кейін қаржы және қарумен қолдау көрсетумен мұнайдан тапқан харам табыстарымен түрлі аймақтардан кісілерді Сирия мен Иракқа алып келіп, аймақтағы бүгінгі бейберекеттіктер мен қиыншылықтарды қалыптастырды.

Кейбір уәждерге қайшы Иран Бахрейннің ішкі мәселелеріне араласқан емес, бұдан былай да араласпайды, бірақ егер осы ел біліктілік пен саяси парасаттылыққа ие болса, саяси кикілжіңді азамат соғысына айналдыруға жол бермеуі керек» деп қуаттады.

Революцияның мәртебелі жетекші Йемендегі ахуал мен сол елдегі халықтың үйлері, ауруханалар мен мешіттер және инфрақұрылымдардың күн сайын бомбалануына сілтеме жасап: «Шапқыншы шапқыншылығын доғаруы керек. Ислам әлемі де шапқыншыны жазалауы керек" деді.