Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 09 Jul 2016 08:33:50 GMT )
Шіл 09, 2016 14:33 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері әлемдегі соғыс пен бейберекеттіктің тамырын әлемдік алпауыт елдердің, әсіресе Американың үстемшілігінде деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мовахеди Кермани үстемшіл алпауыт елдердің Палестина мәселесін ұмыттыруды қалайтындығын айтып: «Лаңкестер АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауларының арқасында аймақта қылмыс жасап жатыр. Үстемшіл алпауыт елдер аймақ елдеріндегі саяси кикілжіңдерді азамат соғысына айналдырып отыр. Олардың лаңкестікпен күрес туралы ұран айтуы толығымен өтірік.

Батыс елдері, олардың жетекшісі АҚШ аймақ елдерінің мұнайдан түскен табыстарымен лаңкестік топтарды Сирияға аттандырып, аймақта бүлік шығарып, сонымен орайлас лаңкестікпен күрес коалициясы туралы ұрандап отыр» деді.