Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ құру туралы сөз – бұрынғы қателіктерді қайталау
(last modified Sat, 20 Feb 2016 08:50:21 GMT )
Ақп 20, 2016 14:50 Asia/Almaty
  • Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ құру туралы сөз – бұрынғы қателіктерді қайталау

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Сирияның солтүстігінде ұшуға тыйым салынған аймақ құруды бұрынғы қателіктерді қайталау деп атады.

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдоллаһиян жұма күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Аймақтың қауіпсіздігіне әсер етіп отырған Сирия дағдарысын шешудің жолы – тек саяси жол»,-деп қуаттады.

Амир Абдоллаһиян Сирияны қолдауға бағытталған халықаралық топтың келіссөздер үстеліне қатысатын, бірақ іс жүзінде қате әскери саясат ұстанатын кейбір елдерді сынап: «Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ құру мәселесінің қайталануы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына көмектеспейтіні анық. Егер лаңкестікті аймақта, әсіресе Сирия, Йемен мен Иракта құрал ретінде пайдалану қателігі тез арада тоқтатылмаса, аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы одан ары бұзыла түседі»,-деп ескертті.

Амир Абдоллаһиян, сондай-ақ, саудиялық коалицияның Йемендегі шабуылдарының жалғасып жатқанына тоқталып: «Араб елінің басқа бір араб еліне шабуыл жасауы, бір мұсылман елінің терең тарих, исламдық өркениет пен мәдениетке ие басқа бір мұсылман елінің қорғансыз халқына шабуыл жасауы аймақтағы келесі бір қате саясатты жалғастыру болып табылады»,-деді.