Ағымдағы жылдың соңына дейін Иранда екі атом стансасын салудың жұмыстары басталады
(last modified Mon, 18 Jul 2016 09:21:36 GMT )
Шіл 18, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Ағымдағы жылдың соңына дейін Иранда екі атом стансасын салудың жұмыстары басталады

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Иранның оңтүстігіндегі Бушерде ағымдағы жылдың соңына дейін Ресей тарапынан екі атом стансасын салу жұмыстарының басталатынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жексенбі күні Иран атом стансасына қатысты жаңа жобалардың жағдайына тоқталып: «Биылғы жылы (х.ш.ж.с.б. 1395 жыл) Бушерде Ресей тарапынан атом стансасына қатысты екі жоба жүзеге асырыла бастайды»,-деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Бушер атом стансасына Болгариядан ескі реакторларды сатып алу туралы мәселеге тоқталып: «Болгарлар Ресейдің көмегімен өз елінде екі атом стансасын салатын болған, алайда жұмыстың ортасында қаражатқа қатысты шектеулерге байланысты жобаны тоқтатқан. Сондықтан Болгария қайраткерлері кейбір жаңа әрі қолданылмаған құрал-жабдықтарды тиімді бағаға сатуға дайын. Теһран бұл тақырыпты қарастырып жатыр»,-деді.

Салехи, сондай-ақ, еуропалық елдердің көмегімен Иранда ядролық аурухананың салынатынын хабарлап: «Қуанышымызға орай, бұл жобаның қаражатқа қатысты істері атқарылды, жақын болашақта ол жүзеге асырылатын болады»,-деді.

Тегтер