Хашеми Рафсанджани: Иран бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i1147-Хашеми_Рафсанджани_Иран_бүкіл_әлемнің_назарын_өзіне_аударып_отыр
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан кейін әлемнің бар назарының Иранға ауғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 21, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • Хашеми Рафсанджани: Иран бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан кейін әлемнің бар назарының Иранға ауғанын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджани сенбі күні Теһранда өткен бір кездесуде: "Иран "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейін бай ресурстар мен көптеген мүмкіндіктерінің арқасында әлемнің назарын өзіне аударды. Көптеген елдер Иранмен қарым-қатынас жасауды және инвестиция салуды қалайды. Аймақтық елдер күн сайын қақтығыстар мен бейберекеттіктердің куәсі болып отырған жағдайда Иран халқы тыныштықта өмір сүріп жатыр" деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Түркия, Ирак, Сирия, Ливан, Мысыр, Ауғанстан, Ливия мен ИСИМ және әл-Каида топтарымен арпалысып жатқан басқа да елдердің тұрақсыз жағдайына тоқталып: "Тұрақсыз аймақта орналасқан Иранның тыныштығы – халықтың ислам революциясының барлық сахналар мен Ирактың Иранға таңған сегіз жылдық соғысындағы құзыры мен ислам революциясын қолдауының нәтижесі" деді.