Сардар Жафари Сақшылар корпусының дұшпандарға тосқауыл қою үшін әзірлігін қуаттады
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы осы органның дұшпандардың астыртын әрекеттері мен қимылдарына тосқауыл қою үшін сақадай сай тұрғанын қуаттады.
ИРНА- ның хабарлауынша, ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бригада генералы Мұхаммад Әли Жафари сәрсенбі күні таңертең Иранның солтүстік шығысында орналасқан Мешхед қаласында ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күші қолбасшыларының форумында сөйлеген сөзінде: "Сақшылар корпусының міндеті ислам революциясын қорғау болып табылады. Осы дайындық жан- жақты болуы керек.
Жүйе дұшпандары мен қарсыластарының негізгі мақсаты - ислам революциясын тоқтату, бірақ олардың мұны ашық айтуға батылдары жетпейді" деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Иранның қауіпті аймақта өз қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз ете алғанын қуаттап: "Бүгінде Иранға келетін әрбір кісі Ирандағы ең маңызды мәселе – қауіпсіздікті көзімен көреді" деді.