Джафари: Иранның қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Сақшылар корпусының ең маңызды міндеті
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің Парсы Шығанағындағы негізгі міндеті деп атады.
"Меһр" хабар агенттігінің мәліметі бойынша Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бригада генералы Мохаммад Али Джафари бүгін, бейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласында сөйлеген сөзінде: «Исламдық Иранның дұшпандары Иранның қауіпсіздігін жою үшін барлық талпыныстарын іске жұмылдырып, аймақтың Ал-Сауд режимі сынды кейбір елдері Иранның айқын дұшпандарының қатарына қосылып отырған жағдайда Иран Ислам Республикасы теңдессіз қауіпсіздікке ие. Сауд Арабиясы бейберекеттік Иранға да таралуы үшін үлкен қаржы жұмсауда, бірақ қарулы күштердің толық дайындығы Иранға қарсы дұшпандардың бағдарламасын залалсыздандырды. Сақшылар корпусының әскери дайындық пен қару-жарақ өндірумен қатар ең маңызды міндеті - ислам ревоюциясын қорғап, сақтау» деді.