Лариджани: «Ортақ қадам» келісімінен кейін инвестиция тарту үшін негіз әзірленді
Шіл 23, 2016 21:30 Asia/Almaty
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ядролық келісімнен кейін Иранда инвестицияларды тарту үшін негіздің әзірленгенін айтты.
Али Лариджани сенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм облысының Әкімшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "«Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыруда кейбір батыс елдерінің кедергі келтіру әрекеттеріне қарамастан, қалыптасқан жағдайды мүмкіндігінше ұтымды пайдалану керек. Елді абадтандыру жобаларына республикалық және шетелдік инвестиция тарту – мәселелерді шешу мен экономиканы дамытудың кілті. Әлеуметтік қиындықтар мен зардаптар шешімін табуы үшін бар талпынысты инвестиция тарту жағына шоғырландыру керек» деді.
Тегтер