Лариджани: «Ортақ қадам» келісімінен кейін инвестиция тарту үшін негіз әзірленді
https://itolqyn.com/news/iran-i11635
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ядролық келісімнен кейін Иранда инвестицияларды тарту үшін негіздің әзірленгенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Лариджани: «Ортақ қадам» келісімінен кейін инвестиция тарту үшін негіз әзірленді

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ядролық келісімнен кейін Иранда инвестицияларды тарту үшін негіздің әзірленгенін айтты.

Али Лариджани сенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм облысының Әкімшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "«Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыруда кейбір батыс елдерінің кедергі келтіру әрекеттеріне қарамастан, қалыптасқан жағдайды мүмкіндігінше ұтымды пайдалану керек. Елді абадтандыру жобаларына республикалық және шетелдік инвестиция тарту – мәселелерді шешу мен экономиканы дамытудың кілті. Әлеуметтік қиындықтар мен зардаптар шешімін табуы үшін бар талпынысты инвестиция тарту жағына шоғырландыру керек» деді.