Бригада генералы Пурдастан: Құрлық күшінің ұшақтары  өз миссияларын орындауда әлеуетті
https://itolqyn.com/news/iran-i11695-Бригада_генералы_Пурдастан_Құрлық_күшінің_ұшақтары_өз_миссияларын_орындауда_әлеуетті
ИИР армиясы құрлық күшінің қолбасшысы армияның құрлық күшінің ұшақтарын барлық миссияларын орындауда әлеуетті деп бағалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 25, 2016 08:58 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Пурдастан: Құрлық күшінің ұшақтары  өз миссияларын орындауда әлеуетті

ИИР армиясы құрлық күшінің қолбасшысы армияның құрлық күшінің ұшақтарын барлық миссияларын орындауда әлеуетті деп бағалады.

ИРНА- ның жексенбі күнгі хабарлауы бойынша ИИР армиясы құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы Ахмад Реза Пурдастан жылжымалы тактикалық тікұшақ көшірмесінің тұсаукесер рәсімінде: «Қарулы күштердің негізгі миссияларының бірі қорғаныстық және әскери дайындықты сақтау болып табылады» деді.

Бригада генералы Пурдастан қарулы күштердің өзіне деген сенім деңгейін арттыру, психикалық қауіпсіздік және дұшпандарды ауыздықтауды Иран қарулы күштері дайындығының артықшылықтары деп атап: «Қарулы күштердің дайындығын байқаған дұшпанның Иран ислам республикасының шекараларына қауіп төндіруге батылы бармайды. Қарулы күштер бүгінде гибридтік соғыс қаупіне тап болып отыр. Сондықтан осы қауіп- қатерлер қадағаланады. Иран ислам республикасының армиясы гибридтік соғыстар негізіндегі кез- келген қауіп- қатерге төтеп беруге әзір. Иран ислам республикасы жылжымалы тікұшақ көшірмесін жасайтын бес елдің қатарына жатады. Бүгінде тікұшақтың көптеген бөлшектерін отандық мамандар жасайды. Бұл «Қарсыласу экономикасы: іске асыру» ұранының бір көрінісі болып табылады» деді.