Ресейдің Қорғаныс министрі Теһранға келді
https://itolqyn.com/news/iran-i1195-Ресейдің_Қорғаныс_министрі_Теһранға_келді
Ресейдің Қорғаныс министрі екі жақты байланыстарды кеңейту және Иран Ислам Республикасының жоғары мәртебелі басшыларымен аймақтағы өзгерістер туралы кеңесу мақсатында Теһранға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 21, 2016 21:46 Asia/Almaty
  • Ресейдің Қорғаныс министрі Теһранға келді

Ресейдің Қорғаныс министрі екі жақты байланыстарды кеңейту және Иран Ислам Республикасының жоғары мәртебелі басшыларымен аймақтағы өзгерістер туралы кеңесу мақсатында Теһранға келді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Иранның Қорғаныс министрімен кездесумен қатар, Иран Ислам республикасының президенті Хасан Руханимен де кездесіп, әңгімелесуді жоспарлап отыр.

Ресейдің Қорғаныс министрінің Иранға сапармен келуінен бұрын Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан да өткен аптада Мәскеуге ресми сапар шеккен болатын.

Ираның Қорғаныс министрі сол сапарда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сұхбаттасты.