Иран мұнайының экспорты ұлғаюда
(last modified Sat, 30 Jul 2016 11:56:59 GMT )
Шіл 30, 2016 17:56 Asia/Almaty
  • Иран мұнайының экспорты ұлғаюда

Иран мұнайының экспорты 47/1 пайыз өсіммен өткен жылмен салыстырғанда соңғы төрт жылда өзінің ең жоғары деңгейіне жетті.

«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Үндістанның Ираннан мұнай импортының 47/1 пайыз өсуімен өткен жылмен салыстырғанда соңғы төрт жылда өзінің ең жоғары деңгейіне жетті.

Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Үндістан үстіміздегі жылы шілде айында Ираннан күніне бір млн 720 мың баррель мұнай импорттаған.

Импорттың осы мөлшері 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда осы төрт мемлекеттің Ираннан мұнай сатып алуынан екі есе жоғары.

Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Үндістан Азиядағы Ираннан мұнай импорттаушы төрт маңызды елге жатады.

Осы мәлімет бойынша Иран өзінің мұнай экспортын «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілген соң мұнай тасушы кемелерді көбірек қолға алу және кеме қатынасы қамсыздандыруларын түзету арқылы ұлғайтқан.