Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті режимінің Йемендегі қылмыстарын айыптап, осы режимнің шараларын халықаралық заңдар мен ислам ережелеріне қайшы деп атады.
Худжатул ислам уалмуслимин Казем Седиғи Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Сауд әулеті режимінің жалдамалы күштерінің Йеменнің оңтүстігінде әл- Сарари аймағына жасаған шабуылы мен қылмыстарын қатаң айыптады.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері әл- Сарари аймағындағы мешітті қиратуды және өлтірілгендердің мәйіттерін тілімдеуді қауіпті қылмыс деп атап: «Олардың бұл қылмыстарының исламға еш қатыстылығы жоқтығы былай тұрсын, тіпті адамзатқа қарсы шара болып табылады. Адам құқығын қорғаушы ешбір адам оны құптамайды.
Сауд әулеті режимі мұсылманбыз деген уәж айтып, өздерін қасиетті кесенелердің қызметшісі санап отырған жағдайда аймақ елдерінде өзінің қылмыстық саясатын жалғастыруда» деді.
Седиғи Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы зұлымдығы мен азаптауларының жалғасуы турасында да: «Осы ел халқының патшалық билікке наразылықтары бейбіт сипатта болса да, Халифе әулеті режимі наразылықтарға жауабын халықты азаптапе қинаумен жалғастыруда» деді.