Мәртебелі жетекшінің халықтың түрлі топтарын қабылдауда сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «Ортақ қадам» келісімі бір тәжірибе ретінде америкалықтармен келіссөзге отырудың нәтижелі болмайтынын, олардың уәдеге тұрмайтынын және Американың уәделеріне сенім артпау керектігін тағы да дәлелдеп берді деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Иранның түрлі облыстарынан жиналған халықтың түрлі топтарын қабылдауында сөйлеген сөзінде: ««Ортақ қадам» келісімі ілгерілеудің және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудың жолы аймақ пен әлемде Иранға кедергі келтірумен айналысып жүрген дұшпандарға емес, ел ішіне көңіл аудару екенін көрсетті» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының Американың «Ортақ қадам» келісіміндегі қатынасынан тәжірибе жинақтағанын қуаттай келе: «Олар аймақ мәселелері жөнінде келіссөз өткізейік дейді, бірақ «Ортақ қадам» келісімі тәжірибесі бізге бұл істің қауіпті у екенін және ешбір мәселеде америкалықтардың сөзіне сенуге болмайтынын дәлелдеді. Американың араласушылығы мен дұшпандығы Иран ислам республикасымен шектелмейді. Түркиядағы соңғы оқиғаларда әскери төңкеріс америкалықтардың араласуымен жасалды деген мықты айыптау бар. Егер осы мәселе дәлелденсе Америка үшін үлкен масқара болады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ аймақтағы ахуалға да сілтеме жасап: «Саудия үкіметінің сионистік режиммен қарым- қатынасының айқындалуы ислам үмбетіне сырттан қанжар салу және үлкен қиянат болып табылады, бірақ осы үлкен қателікте де америкалықтардың рөлі бар, өйткені Саудия үкіметі Америкаға тәуелді» деді.
Ол Йеменге шапқыншылықты, тұрғын үйлер, ауруханалар және мектептерді толассыз бомбалауды және балаларды өлтіруді Саудия үкіметінің өзге бір үлкен қылмысы деп атап: «Өкінішке орай, тіпті БҰҰ көп уақыттан бері осы қылмыстарды айыптамақ болған кезде ақша, қоқан-лоққы және қысым жасау арқылы оның ауызын жабады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі америкалықтардың ислам үмбетінің арасында алауыздық тудыру мақсатында тәкфирлік топтарды құру және соларды күшейтудегі рөліне меңзеп: «Олар тәкфирлік топтармен күресу жөніндегі дау- дамайларына қайшы осы топтарға қарсы арнайы бір шаруаны тындырмайды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, осы топтарға көмек те беріп отыр» деді.
Хазірет аймақ мәселелерінің шешім жолын мұсылман ұлттар мен үкіметтердің бірігуі және Америка мен кейбір еуропалық үкіметтердің астамшылдық мақсаттарының алдында төзімділік деп атап: «Америкалықтардың барлық талпыныстарына қарамастан олардың аймақтағы жоспарлары әшкереленіп, Американың аймақтағы орыны әлсіреп бара жатыр» деді.