Генерал-майор Сүлеймани: Фатемиун ауғандардың бетінен зорлық-зомбылық табын өшірді
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Фатемиун жауынгерлерінің талпыныстары ауғандықтардың бетінен зорлық-зомбылық табын кетірді»,-деді.
Осыдан біраз бұрын джиһадтық есімі «Абухамед» болған «Фатемиун – харам қорғаушылары» бригадасының қолбасшысы Әлиреза Тавассолидің жанұясы Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы генерал-майор Ғасем Сүлейманимен кездесті.
Сардар Сүлеймани осы кездесуде Фатемиун жауынгерлерінің талпыныстары соғыс майданында әсерлі болғанына тоқталып: «Фатемиун Иран қоғамында өзгерістің бастауы болды»,-деп еске салды.
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы «Фатемиун» деген атпен қалған оқиғадағы шәһид Тавассолидің рөлін мәңгі есте қаларлық деп атап: «Фатемиун – Ирандағы мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл ислам әлемі үшін бір бұлақ пен бір құнды ізгілік»,-деді.
Генерал-майор Сүлеймани бұл әскерге «Фатемиун» деген аттың таңдалуын құтты таңдау деп атап: «Бүгінде, Құдайға шүкір, Ауғанстан халқына өзгеше құрметпен қаралады»,-деді.
Шәһид Тавассолидің жұбайы да осы кездесуде исламның қарсыласу майданындағы жауынгерлеріне денсаулық тілеп, Сардар Сүлейманиге ұзақ өмір тіледі,