Генерал-майор Сүлеймани: Фатемиун ауғандардың бетінен зорлық-зомбылық табын өшірді
(last modified Wed, 03 Aug 2016 10:02:16 GMT )
Там 03, 2016 16:02 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Сүлеймани: Фатемиун ауғандардың бетінен зорлық-зомбылық табын өшірді

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Фатемиун жауынгерлерінің талпыныстары ауғандықтардың бетінен зорлық-зомбылық табын кетірді»,-деді.

Осыдан біраз бұрын джиһадтық есімі «Абухамед» болған «Фатемиун – харам  қорғаушылары» бригадасының қолбасшысы Әлиреза Тавассолидің жанұясы  Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы генерал-майор Ғасем Сүлейманимен кездесті.

Сардар Сүлеймани осы кездесуде Фатемиун жауынгерлерінің талпыныстары соғыс майданында әсерлі болғанына тоқталып: «Фатемиун Иран қоғамында өзгерістің бастауы болды»,-деп еске салды.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы «Фатемиун» деген атпен қалған оқиғадағы шәһид Тавассолидің рөлін мәңгі есте қаларлық деп атап: «Фатемиун – Ирандағы мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл ислам әлемі үшін бір бұлақ пен бір құнды ізгілік»,-деді.

Генерал-майор Сүлеймани бұл әскерге  «Фатемиун» деген аттың таңдалуын құтты таңдау деп атап: «Бүгінде, Құдайға шүкір, Ауғанстан халқына өзгеше құрметпен қаралады»,-деді.

Шәһид Тавассолидің жұбайы да осы кездесуде исламның қарсыласу майданындағы жауынгерлеріне денсаулық тілеп, Сардар Сүлейманиге ұзақ өмір тіледі,