Сақшылар корпусының зымырандық жаттығуы Иран қарулы күштерінің қуат- қарымын көрсетеді
(last modified Sun, 21 Feb 2016 17:00:03 GMT )
Ақп 21, 2016 23:00 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының зымырандық жаттығуы Иран қарулы күштерінің қуат- қарымын көрсетеді

Иран қарулы күштері бас штабының төрағасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандық жаттығуының Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің қуат- қарымын көрсететінін айтты.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран қарулы күштері бас штабының төрағасы дивизия басшысы сардар сейіт Хасан Фирузабади жексенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта: «Жаттығулар өткізу жетістіктерді көрсетумен қоса, Иран ислам Республикасы қарулы күштерінің қуат- қарымын да дұшпандарға көрсетеді» деді.

Дивизия басшысы Фирузабади Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандық жаттығуының мақсаттарын баяндап: «Зымырандық жаттығу үйрету, зерттеу, уақытты бағалау, жаңа өнімді таныстыру және тауарды тапсыру мақсатында түрлі зымырандарды сынақтан өткізу үшін өткізіледі» деді.

Иран қарулы күштері бас штабының төрағасы сондай- ақ зымырандық жаттығу өткізудің келесі мақсаты бірнеше айда бір рет өндірілген қарулар мен өнеркәсіпті заттарды сынақтан өткізу болып табылатынын айтты.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандық жаттығуы ақпан айының аяқ шенінде өтуі тиіс.