Лариджани: Иран аймақ мәселелеріне қатысты сарабдал қатынас ұстанады
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақ мәселелеріне сарабдал қатынас ұстанатынын айтты.
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы ИИР-ның аймақ мәселелеріне қатысты сарабдал қатынас ұстанатынын айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бүгін, бейсенбі күні "Тілшілер күні" қарсаңында Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм облысының ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде аймақтың саяси және қауіпсіздік тұрғысынан тынышсыз жағдайына сілтеме жасап: "ИИР-ның аймақ мәселелеріне қатысты қатынасы қисынға сай және аймақ елдерінің мүддесін көздейді" деді. Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы сонымен қатар Иранның халықаралық және елдің ішіндегі әртүрлі мәселелеріне тоқталып: "Ядролық мәселенің шешілуі Иранның басқа істер, соның ішінде экономикалық даму жолында әрекет етуі үшін елде тыныштықтың пайда болуына себеп болды" деді.
1377 жылдың мордад айының 17-і (1988 ж. тамыз айының жетісі) күні Иран консулдығының сегіз мүшесі ИРНА-ның тілшісі Махмуд Саберимен бірге Ауғанстанның Мазар Шариф қаласында Талибан лаңкестері тарапынан қаза тапқан болатын. Соған орай тамыздың жетісі ИИР-ның күнтізбесінде "Тілшілер күні" деп аталған.