Бүгін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) -ның шәһид болған күнінің жылдығы
Бүгін, дүйсенбі хиджри қамари жыл санағы бойынша 1437-ші жылдың джумада әл-аууал айының он үші, яғни, 2016-шы жылдың 22-ші ақпаны – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қызы және хазірет Әли (ғ.с.)-ның өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары мешіттер мен әртүрлі діни мекендерде, әсіресе Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесі мен Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы хазірет Масуменің кесенесіне жиналып, хазірет Фатима (ғ.с.)-ның шәһид болуының жылдығын аза тұтады.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жомарт, жанкешті, кешірімді, сабырлы, қанағатшыл, Аллаға құлшылық етуші, қоластындағыларына көмектесуші адамның үлгісі болып, тарихта мәңгі ұмытылмайтын имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) сынды ұлы тұлғаларды тәрбиеледі.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) 18 жыл өмір сүріп, сол кездегі басшылардың зұлымдықтары мен әкесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дүние салуынан кейінгі уайымның салдарынан кейбір рауаяттар бойынша хиджри қамаридің 11-ші жылының джумада әл-аууал айының он үші күні, басқа рауаяттар бойынша сол жылдың джумада ас-сани айының үші күні шәһид болған.
ИИР Телерадио бірлестігі Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай барлық мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етуші адамдарына көңіл айтады.