Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 06 Aug 2016 10:22:58 GMT )
Там 06, 2016 16:22 Asia/Almaty

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясының қажылық рәсіміне қатысты бұрыс саясатын әлем мұсылмандары сезімінің жаралануына себепкері және осы елдің билеушілері үшін зиянды деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани Сауд әулеті билеушілерінің биылғы қажылық рәсіміне ирандықтардың қатысуына кедергі жасап отырғанына тоқталып: «Олар әлем мұсылмандарының мүддесіне қайшы қадам жасаудан басқаны істемесе де ислам мен Құранға бағынамыз деген уәж айтуда.

Сауд әулеті режимінің исламға қайшы әрекеттері мұсылман ұлттардың оларға қатысты бұрынғыдан көбірек жиіркенішін тудырудан басқа нәтижесі жоқ. Осы саясаттың жалғасуы олардың «әл- Харам» мешітіне қорқынышпен кіруіне себеп болады.

Құран негізі бойынша мүміндер мен мұсылмандарға Алла үйінің есігін жабатын кісілер ауыр салдарларға ұшырайды» деді.

Аятолла Мовахеди Кермани сондай- ақ аймақтағы, атап айтқанда Йемен мен Сириядағы дағдарыстарға сілтеме жасап, осы елдер халықтарының  АҚШ, сионистік режим және Сауд Арабиясының қолдауымен ешбір қылмыстан бас тартпай отырған лаңкес шапқыншыларды жеңуіне және өз елінде тыныштық пен қауіпсіздіктің жүзін көруіне үміт білдірді.