Иран аймақтың бейберекет жағдайында нық қадам басуда
(last modified Sun, 07 Aug 2016 10:52:18 GMT )
Там 07, 2016 16:52 Asia/Almaty
  • Иран аймақтың бейберекет жағдайында нық қадам басуда

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «ИИР аймақтың қазіргі жағдайында қырағы да қисынды әрекет етіп отыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «ИИР аймақтың тынышсыз жағдайында ақылмен әрекет етті, оның шешімдері тұрақтылықты сақтауға бағытталды. Иран аймақтық өзгерістерде әрдайым нақты қадам басуда. Ақпарат құралдары Иранның қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесе алады»,-деді.

Лариджани, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бекітілгеннен кейін сионистік режимнің қастандықтарына тоқталып: «Сионистік режим кейбір елдердің қолдауымен Иранға инвестиция салуды қауіпті деп көрсетуге тырысуда. АҚШ Конгресі де оларды қолдап отыр»,-деді.

Ол Иранның ядролық келіссөздеріне тоқталып: «ИИР ядролық келіссөздерге шынайы түрде қатысты, бірақ кейбір елдер жауластықтық танытып, осы келіссөздерді бұзу мақсатында кедергі тудырды»,-деді.