Фордо нысандары - Иранның ядролық өнеркәсібі дамуының ең маңызды бөліктері
(last modified Sun, 07 Aug 2016 11:44:34 GMT )
Там 07, 2016 17:44 Asia/Almaty
  • Фордо нысандары - Иранның ядролық өнеркәсібі дамуының ең маңызды бөліктері

Иран СІМ- нің халықаралық саясат пен қауіпсіздік бойынша бас директоры Фордода салынып жатқан нысандардың Иранның ядролық өнеркәсібі дамуының ең маңызды бөліктеріне айналатынын айтты.

ИРНА- ның жексенбі күнгі хабарлауынша, Иран СІМ- нің халықаралық саясат пен қауіпсіздік бойынша бас директоры Хамид Бағидинеджад: «Кейбіреулер жабылып қалды деп ойлайтын Фордо нысандары орналасқан шөл далада жер астындағы жүз метр тереңдікте ирандық және ресейлік ғалымдардың тығыз ынтымақтастығымен ядролық инфрақұрылым салынып жатыр. Құрылыстың аяқталуымен олар Иранның ядролық өнеркәсібі дамуының ең маңызды бөліктеріне айналады» деді.

Кремль сарайы да жұма күні Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы президенттерінің үш жақты кездесуінің қарсаңында жариялаған мәлімдемеде Иран мен Ресейдің Фордо ядролық нысанында тұрақты изотоптар өндіру туралы ынтымақтастығының маңыздылығын қуаттады.

Тұрақты изотоптар табиғатта бар ядролық заттарға қарағанда кейбір өзгерістер арқылы пайда болатын ядролық заттарға жатады. Олар түрлі өнеркәсіп пен медицина ғылымында түрлі қолданысқа ие.

Әлемде бірнеше ел ғана тұрақты изотоптар өндірумен айналысады.