Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау – барлық елдердің міндеті
Там 08, 2016 20:05 Asia/Almaty
Иранның Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауды ядролық келіссөздерге қатысқан барлық елдердің міндеті деп атады.
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Бакуде Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында америкалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты уәде бұзушылығы туралы: «ИИР таңдау құқығына ие және ешбір тұрғыдан зиян көрмеуі үшін Ислам революциясы жетекшісінің бұйрықтары бойынша әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырған.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындау – барлық елдердің міндеті. Иран да оның орындалуын қатаң түрде қадағалайды»,-деді.
Тегтер