Арақчи: Жау Иранды бөлу және тез жеңіске жету әрекетінде сәтсіздікке ұшырады
ParsToday- Иран Сыртқы істер министрі жаудың сәтсіздіктері, АҚШ-тың соғыстағы рөлі және Тегеранның аймақтағы ұстанымы туралы айтты.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи қазіргі соғысты «Иран тарихындағы алтын нүкте» деп сипаттап: «Жау Иранды бөлу және тез жеңіске жету әрекетінде сәтсіздікке ұшырады»,- деп баса айтты.
Арақчи былай деп баса айтты: «Жаудың келіссөздер туралы сөйлейтіні – жеңілісті мойындау. Олар шартсыз бағынуды талап етпеді ме, енді неге ең жоғары лауазымды тұлғаларын келіссөздер үшін жұмылдырады?»
Ол сондай-ақ: «Әзірге ешқандай келіссөздер өткізілмеді, кепілдіксіз атысты тоқтату – соғысты қайталауға әкелетін пайдасыз әрекет» деп мәлімдеді.
Арақчи: «Жау сабақ алуы тиіс: қайтадан шабуыл жасауға талпыну мағынасыз, Иран халқына келтірілген шығындарды өтеуі тиіс» деді.