Рухани үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің бірлескен отырысында сөз сөйледі
https://itolqyn.com/news/iran-i12613
ИИР президенті Иранның Сот аппаратының Иранның мал- мүлкін Америкаға қолжетімді жерден шығарудағы салғырттық мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 10, 2016 19:04 Asia/Almaty
  • Рухани үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің бірлескен отырысында сөз сөйледі

ИИР президенті Иранның Сот аппаратының Иранның мал- мүлкін Америкаға қолжетімді жерден шығарудағы салғырттық мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

Иран президенті Хасан Рухани үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің бірлескен отырысында: «Американың сот қайраткерлері 2009 жылы Иранның орталық банкінің бір млрд 800 млн доллар қаржысын тәркілеп, 2013 жылдың бас кезінде сот үкімімен осы соманы өз иелігіне алды» деді.

Рухани ислам республикасы жүйесінің халықтың құқығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеп: «Иран үкіметі өз міндеті бойынша халықтың құқығын қорғау шеңберінде Иранның тәркіленген ақшалары туралы Гаага халықаралық сотына шағым түсірді. Иранның сот аппараты да осы тақырыпты қарастыруы керек» деді.