Иран президенті Кохгилуйе мен Бойерахмед облысы халқының алдында баяндама жасады
ИИР президенті «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының Иран халқының ілгерілеуі мен дамуы бағытында орындалуына үміт білдірді.
Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні өзінің 30- шы облыстық сапары шеңберінде Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының Ясудж қаласында халықтың алдында сөйлеген сөзінде «Ортақ қадам» келісіміне оң көзқарас танытып: «Иран халқы санкция кезіндегі тауқыметтер мен қысымдар кезінде үкіметпен бірге қадам басып, ілесті. Бүгінде ең жаңа статистикалық мәліметтер бойынша Иран экономикасының өсуі биылғы (1395 ж.) жылдың алғашқы тоқсанында 4,4 пайызға жетіп отыр» деді.
ИИР президенті Иранның мұнай нарығында өзінің негізгі деңгейіне жақындағанына сілтеме жасап: «Қазір дұшпандардың қалауына қайшы Иран ислам республикасы қалағанынша мұнай экспорттай алады» деді.
Сионистер мен көршілес кейбір мемлекеттердің Иран дипломаттарының тарихи жеңісі мен осы елге қарсы санкциялардың жойылуына қынжылып отырғанын қуаттаған Рухани: «Иранның тәуелсіздігі мен абыройы ардақты пайғамбарымыздың ұрпақтарына, әсіресе Әли Ибн Мұса Резаның еңбегіне қарыздар» деді.
ИИР президенті шет мемлекеттермен өнеркәсіп саласында 82 келісімге қол қойылғанына және 29 келісімшарттың орындалғанына сілтеме жасап: «Кохгилуйе мен Бойерахмед облысы Иранның дәрілік өсімдіктерінің орталығы бола алады» деді.