Лариджани: Йеменде Парламент құру әсерлі қадам болып табылады
(last modified Mon, 15 Aug 2016 15:27:06 GMT )
Там 15, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Лариджани: Йеменде Парламент құру әсерлі қадам болып табылады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы қазіргі жағдайда Йемен Парламентін құруды осы елдегі дағдарысты шешу шеңберінде маңызды әрі алға қарай қадам басу деп атады.

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Батыс елдерінің Йемендегі соғыстың жалғасуын қалап отырғанын қуаттап, Йеменнің Парламентін құруды осы елдің тыныштыққа жетуінде алға қарай қадам жасау деп атап: «Йемен халқы бір жылдан астам уақыт бойы саудиялықтардың бомбалауының астында қалып отыр. Йеменнің төңкерісшіл басшылары елді қалпына келтіру және халықтың төзімділігі бағытында әрекет жасап жатыр» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы Ирак халқының лаңкестер алдындағы төзімділігі мен қайсарлығын тілге тиек етіп: «Осы төзімділік өте нәтижелі болып, Ирак халқы бүгін жеңіске жетуге жақындап қалды.

Аймақ келешегінің жағдайы үміттендіреді. Қарсыласу күштері өз орындарын табады»  деді.