Рухани мен Лариджани Иранның Барлау министрлігінің еңбектеріне алғыс айтты
(last modified Thu, 18 Aug 2016 14:08:52 GMT )
Там 18, 2016 20:08 Asia/Almaty
  • Рухани мен Лариджани Иранның Барлау министрлігінің еңбектеріне алғыс айтты

Иран президенті мен Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Барлау министрлігінің елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау және қоқан-лоққыларға төтеп беру бағытындағы еңбегіне алғыс айтты.

Иран президенті Хасан Рухани  сәрсенбі күні Барлау министрі мен осы министрліктің басшылары және орынбасарларын қабылдауында халықтың тыныштығын сақтауды Иран үкіметінің мақсаттары деп атады.

Рухани сондай- ақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына сілтеме жасап: «Ислам республикасына жамандық тілейтін жауыздар ядролық мәселеде ядролық ғылым мен технологияға қол жеткізуге кедергі жасауды және ядролық бағдарлама желеуімен Иран халқына қысым көрсетуді мақсат етуде. Иран «Ортақ қадам» келісімі тақырыбында ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің жолнұсқауы және халықтың қолдау көрсетуімен ядролық энергия ғылымы мен технологиясында және әлемдік нарықта өзінің құзырын тұрақтандырды» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы да Барлау министрлігінің басшылары мен орынбасарларын қабылдауында осы министрліктің барлау саласындағы қызметіне оң баға берді.

Лариджани сондай- ақ Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістерге сілтеме жасап, Ирак, Сирия, Пәкістан, Түркия және Мысыр сияқты елдердегі қақтығыстарды сионистік режим үшін пайдалы деді.