Президент Иран халқының «Ортақ қадам» келісіміндегі ахлақтық жеңісін қуаттады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы Иран халқының ахлақтық жеңісін «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасындағы үлкен табыстардың бірі деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Қорғаныс өнеркәсібі ұлттық күнін атап өту рәсімінде: «Ортақ қадам» келісімі ислам республикасы жүйесінің түрлі саладағы көптеген күштері мен басшылары рөл атқарып, әсерін тигізген ұлы шаруа болды. Қорғаныс министрлігі де осы істе үлеске ие.
Батыс елдері көп жылдан бері Иранды жасырын түрде жаппай қырып-жоятын қару жасауды мақсат етуде деп айыптайтын, бірақ химиялық оқиға мен Иранның химиялық конвенцияларға қосылуында және сол кезде исламдық Иранда жүргізілген тексерістерде дұшпандардың Иранға орынсыз әрі негізсіз жала жауып отырғаны дәлелденді. Иран химиялық қару мен атомдық бомба жасауды мақсат еткен емес және мақсат етпейді де. Осы мәселе әлемге аян. Иран ислам республикасы әлемге ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің «ядролық қару жасап, оны сақтап, қолдану дұрыс емес» деген пәтуасын үкімет пен жүйенің орындайтынын дәлелдеді» деп қуаттады.